Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Әйелін ұрған қазақстандық дзюдошы екі жылға сотталды

19.06.2024, 11:13

Ол бұрынғы әйеліне 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс

Әйелін ұрған қазақстандық дзюдошы екі жылға сотталды
365info.kz

Әйелін ұрды деген танымал қазақстандық дзюдошы, Атырау облысының Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты сот үкімі шықты. 

Бұған дейін оның бұрынғы әйелі 11 жыл бойы соққыға жығып, балаларын да тартып алғанын айтып еді. Алайда шенеунік бұл айыппен келіспей, өзіне жала жабылғанын алға тартқан. Бірақ артынша лауазымды қызметінен өз еркімен кеткен. 

Сот сараптама қорытындысы мен өзге де дәлелдер арқылы экс-әкімнің кінәсі расталғанын мәлімдеді. Осылайша, Ринат Ибрагимовтің екі жылға бас бостандығы шектелді. Бұдан бөлек бұрынғы әйеліне 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Ринат Ибрагимовті көпшілік спортшы ретінде де жақсы біледі. Ол бірнеше жыл дзюдо күресінен ұлттық құрамада өнер көрсетіп, екі рет Олимпиадаға қатысқан, ал соңғы жылдары билік тізгінінде жүр. Алдымен Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды. Кейіннен Мақат ауданының әкімі болды.

Бұған дейін оның әйелі Ақмарал Үмбетқалиева видеоүндеу жариялап, күйеуінен тұрақты түрде «таяқ жеп» келгенін айтқан болатын. Тіпті, экс-спортшы оны мүгедекке айналдырамын деп қорқытқанын көрінеді. 2023 жылы шенеунікке қатысты «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалған. Дегенмен, әйелінің сөзіне қарағанда, сол күйі ешқандай шара қолданылмаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам