Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

6 жылда 200 млрд теңге: Антикор Қазақстандағы ең қымбат спорт клубтарын атады

19.06.2024, 15:20

18 футбол клубты қаржыландыруға 200 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған

6 жылда 200 млрд теңге: Антикор Қазақстандағы ең қымбат спорт клубтарын атады
instagram.com/fca.astana

Антикор спорт саласындағы жемқорлыққа тоқталып, Қазақстандағы соңғы жылдары жүздеген миллиард теңге жұмсалған ең қымбат спорт клубтарын атады. Бірақ олар әлемдік рейтингте әлі күнге дейін аутсайдерлердің қатарында тұр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, соңғы алты жылда 18 футбол клубын қаржыландыруға 200 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған.

«Осындай шығындармен Қазақстан ФИФА-ның әлемдік рейтингінде төмен орында тұр. Ең қымбат клуб – «Самұрық-Қазынадан» демеушілік ететін «Астана» футбол клубы. Одан кейін 48,9 млрд теңге алған «Барыс» хоккей клубы», - деп хабарлады ведомстводан.

Негізінен көлемді қаржы спортты қолдау және ынталандыру үшін бөлінеді, бірақ оның көп бөлігі жалақыға жұмсалатыны белгілі. Басқарма біржолғы төлемдер, аударымдар, трансфер бойынша төлемдер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары жағдайда жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Өз инфрақұрылымының жоқтығынан клубтар жыл сайын алаңдар мен мұз сарайларын жалға алуға миллиондаған доллар жұмсайды», - деп толықтырды Антикор.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам