Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Грек-рим күресінен жастар құрамасы Азия чемпионатында белдеседі

20.06.2024, 12:00

Қазақстан чемпионатын ұтқан 10 балуан бозкілемге шықпақ

Грек-рим күресінен жастар құрамасы Азия чемпионатында белдеседі
t.me/kazwrestlinggg

Грек-рим күресінен 27-28 маусым күндері U23 санаты бойынша Иорданияда өтетін Азия чемпионатына ел құрамасы толық құрамда қатысатын болды.

Құрлық біріншілігінде Қазақстан чемпионатын ұтқан 10 балуан бозкілемге шықпақ. Бұл құрамаға Алматы облысынан 4, Астана қаласынан 3, Шығыс Қазақстаннан 2, Ақтөбе облысының 1 балуаны еніп отыр. Олар:

55 келі: Ербол Камалиев (Алм обл)
60 келі: Бақытжан Қабдыл (Алм обл)
63 келі: Нұрсұлтан Базарбаев (ШҚО)
67 келі: Дияс Әскербай (ШҚО)
72 келі: Мерей Мәулітханов (Астана)
77 келі: Расул Жүніс (Алм обл)
82 келі: Альмир Төлебаев (Алм обл)
87 келі: Мақсат Сайлау (Астана)
97 келі: Бағдаулет Азамат (Астана)
130 келі: Асылбек Жәнібекұлы (Ақтөбе).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам