Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ешқайда бармайды». Бас бапкер Ризабек Айтмұқанға қатысты шешімін айтты

20.06.2024, 14:05

Әлем чемпионы Ризабектің Олимпиадада күресуіне қатысты түрлі пікірлер айтылған болатын

«Ешқайда бармайды». Бас бапкер Ризабек Айтмұқанға қатысты шешімін айтты
UWW

Еркін күрестен өткен жылы әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанның Париж Олимпиадасына қатысуына қатысты мәселеге бас бапкер нүкте қойды.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов Парижде Әлішер Ерғалиға сенім артатынын мәлімдеді.

«Құрама балуандарында ешқандай өзгеріс жоқ. 97 келі салмақта Париж Олимпиадасына Әлішер Ерғали баратыны нақты шешілді. Шарт бойынша жолдаманы кімдер жеңіп алды, солар барады. Яғни, Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен Юсуп Батырмұрзаев (125) та жазғы ойындарда сынға түседі. Қазір Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиындары өтіп жатыр. 1-15 шілде аралығында Дағыстанның Махачкала аймағында жаттығуға барамыз», - деді бас бапкер.

Бұған дейін еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабектің Олимпиадада күресуіне қатысты түрлі пікірлер айтылған болатын. Алайда 92 келіден 97-ге ауысқан балуан әзірге ірі жарыстардан жеңімпаз атана алмай келеді.

Ол ақпан айында ел чемпионатының финалында Әлішер Ерғалиден ұтылса, Азия чемпионатының финалында әлем чемпионы Ахмед Тажудиновтен айласын асыра алмады.

Сондай-ақ, Еуропа елдерінде өткен халықаралық жарыста қола жүлдеге ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам