Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Рұқсат бермеді». Токио Олимпиадасының чемпионы Парижге неге бармайтынын ашып айтты

20.06.2024, 15:50

Бұл туралы UFC-де өнер көрсететін тәжік файтері Мұхамед Наимов мәлімдеген болатын

«Рұқсат бермеді». Токио Олимпиадасының чемпионы Парижге неге бармайтынын ашып айтты
tonyrotundo.smugmug.com

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Заурбек Сидаков Парижге неліктен бармайтынына қатысты ресми пікір білдірді. 74 келіде әлемнің ең үздік балуаны төртжылдықтың басты ойындарынан еркінен тыс жағдайға байланысты қатыспайтынын жеткізді.

«Париж Олимпиадасына барғым келді. Алайда маған рұқсат бермеді. Бұл жерде мәселе маған қатысты емес. Қалайша мен арманымнан бас тартамын? Егер жағдай өзгермейтін болса, онда менің еркін күресте жүре беруімде ешқандай мән жоқ», - деді ол Ossetia News басылымына берген пікірінде.

Сидаковтың Парижге бармайтыны туралы оның жақын достарының бірі, UFC-де өнер көрсететін тәжік файтері Мұхамед Наимов мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ол белгілі балуан алдағы уақытта аралас жекпе-жекте сынға түсуге ниетті екенін атады.

Кеше Ресейдің күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили Париж Олимпиадасына қатысуға ниетті балуандарға қолдау білдіріп, тізімге енген балуандар туралы мәліметті Халықаралық Олимпиада комитетіне жібергенін жария етті.

«Балуандарымыздың Париж Олимпиадасына қатысатыны түпкілікті расталды деп айтуға әлі ерте", - деді Мамиашвили.

Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев та Париж Олимпиадасына қатыспай қалуы мүмкін. Сәуір айының басында ХОК оны Бакуде өткен Еуропа аймақтық іріктеу турниріне қатысуға жібермеген болатын. Алайда оның орнына барған Ресей құрамасының өзге балуына федерацияға Париж жолдамасын алып берді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам