Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

Қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто допинг дауынан толықтай ақталып шықты

26.06.2024, 09:30

Ол енді Олимпиада ойындарына алаңсыз дайындалады

Қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто допинг дауынан толықтай ақталып шықты
olympic.kz

Бұған дейін допинг қолданды деп айыпталған қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто Лозаннадағы Спорттық арбитражды соттың (CAS) шешімімен толықтай ақталып шықты деп жазады Sportarena.kz.

Қазақстандық спортшы 2023 жылы қазанда күдікке ілінген. World Athletics Тәртіптік трибуналы оны жазалауды талап еткенімен, берген арыз-шағымы қанағаттандырылған жоқ.

Нора Джеруто Қазақстанға Кениядан қоныс аударған. Ол 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстанға алтын медаль сыйлады.

Қазіргі таңда Джеруто Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр. Оның төртжылдықтың басты ойындарына қатысатыны жуырда ғана шешілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам