ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Еркін күрестен жастар құрамасы Азия чемпионатында 4 жүлде иеленді

26.06.2024, 10:43

Оның біреуі – алтын, тағы бірі – күміс

Еркін күрестен жастар құрамасы Азия чемпионатында 4 жүлде иеленді
olympic.kz

Иорданияның Хашимит қаласында күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде ел спортшылары тағы да үздік нәтиже көрсетті.

Олардың ішінде 45 келіде Бекзат Амангелді қола жүлдегер атанды. Отандасымыз үшінші орын үшін белдесуде үнді балуаны Маан Наманды 12:2 есебімен ұтып, өзінің үздік екенін дәлелдеді.

51 келіде Ибрахим Ысқақбек ширек финалда сүрінді. Алайда қарсыласының финалға шығуына байланысты ол жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Өз әлеуетін бозкілемде толық көрсеткен Ысқақбек шешуші сында Өзбекстан балуанын айқын басымдылықпен (10:0) ұтып, қола жүлдені мойнына ілді.

60 келіде Бекасыл Асамбек финалға дейін жеткенімен, маңызды сында қырғыз баласынан айласын асыра алмады. Ол чемпиондық белдесуде Өмірбек Асанұлына 4:0 есебімен жол беріп, күмісті місе тұтты.

110 келіде финалға шыққан Едіге Қасымбек бапкерлер артқан сенімді толық ақтады. Аса ауыр салмақта белдескен қазақ балуаны финалда Қытай спортшысын 14:2 есебімен еш мүмкіндік берместен жеңді.

Аға жаттықтырушылар Дәулет Ниязбеков пен Расул Қалиев бастап апарған еркін күрес шебері Иордания додасынан жалпы 7 жүлде иеленді. Бұған дейін еркін күрес шеберлері 65, 71, 80 келіде қоржынға қола жүлде салған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам