Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Бір сарбазымыздан айырылдық». Қазақстандық шабуылшы әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

27.06.2024, 17:13

Тайнан құжаттарға байланысты қиындықтарға тап болған

«Бір сарбазымыздан айырылдық». Қазақстандық шабуылшы әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін
KazFootball.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Игита ұлттық құрама шабуылшысы Тайнанның әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

«Спортинг» ойыншысы Өзбекстанда өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасына көмектесе алмауы мүмкін.

«Иә, мұны есту өте өкінішті. ФИФА-ның өз ережесі бар, олар соған қатты мән береді. Шыны керек, оны Қазақстан құрамасына қосу қиындық туғызатын секілді. Мүмкіндік бар, бірақ өте төмен. Ішің ашиды, әрине. Себебі Тайнан сол аяқпен ойнайтындар арасында әлемдегі үздік үштікке енеді. Ол матчта шешуші рөл атқарып, көшбасшы атануы мүмкін еді. Бұл да соғыс секілді, рас, біз бір сарбазымыздан айырылдық. Бірақ күресті жалғастырамыз», - деді Игита. 

Естеріңізге сала кетейік, Тайнан құжаттарға байланысты қиындықтарға тап болып, енді бұл жайт оның Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында ойнауына кедергі келтіруі мүмкін. Өткен маусымда Тайнан Португалия чемпионатында үздік сұрмерген атанып (24 гол), «Спортинг» сапында Португалия чемпионы атанды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам