Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Танымал қазақ балуаны ішіп алып, полицияға ұсталды

29.06.2024, 09:31

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады

Танымал қазақ балуаны ішіп алып, полицияға ұсталды
ҰОК

Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті, балуан Дамир Күзембаев ұсталды. Бұл туралы ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев «мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған» деген айыппен ұсталған.

«Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөз айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Дамир Күзембаев 1991 жылы дүниеге келген. Грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 130 келіге дейін салмақ дәрежесінде күрескен. Бірнеше рет Азия чемпионатында жүлдегер болған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам