Негізі 17 балуан олимпиадалық рейтингке жеткілікті ұпай жинаған
Ресейлік дзююдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Ресей дзюдо федерациясының президенті Сергей Соловейчик айтты.
28 маусымда Халықаралық Олимпиада комитеті бейтарап атлет ретінде қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Ресейдің дзюдо құрамасынан Валерий Ендовицкий, Махмадбек Махмадбеков, Элис Старцева және Дали Лилуашвили енген.
Негізі 17 балуан олимпиадалық рейтингке жеткілікті ұпай жинаған. Тек соның ішінде төртеуін ғана өткізу - федерация мен балуандарының шамына тиіпті. Сөйтіп, бойкот жариялаған. Ресей дзюдо федерациясының президиумы бірауыздан шешіп қабылдап, дзюдо құрамасы қатыспайтынын айтты.
«Ресей дзюдо құрамасы қорлайтын шарттарды қабылдамайды және Париждегі ойындарға қатыспайды», - дейді Соловейчик.
2024 жылғы Олимпиада Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ресей мен белорусь спортшыларына жеке бейтарап атлет ретінде қатысуға рұқсат етілген.