Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан спортшыларды Париж Олимпиадасына дайындау үшін қанша ақша жұмсады

29.06.2024, 21:52

Олимпиадаға дайындыққа қанша қаражат кеткені белгілі болды

Қазақстан спортшыларды Париж Олимпиадасына дайындау үшін қанша ақша жұмсады
ҰОК

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Париж Олимпиадасына дайындыққа мемлекеттік бюджеттен қанша ақша бөлінгенін айтты.

Серік Жарасбаев спортшылардың Олимпиадалық формасын тігуге және Олимпиадаға дайындыққа қанша қаражат кеткені туралы сұраққа жауап берді.

«Ұлттық құрама спортшылары мен делегация мүшелеріне арналған формалар тігілді және толықтай дайын. Бірақ олардың бағасын айта алмаймын. Өйткені формалар демеушілердің қаражаты есебінен тігілді. Сондықтан демеушілер қаражат жағын коммерциялық құпия ретінде сақтауды өтінді»  , – дейді ол.

Ал ел бюджетінен спортшыларға бөлінген қаржы мөлшері құпия емесін атап өтті.

«Ал Олимпиада ойындарына кеткен толық шығынға келер болсақ, ол мемлекеттік бюджет есебінен болғандықтан, жасырмаймыз. Ұлттық құраманы Олимпиадаға Спортты дамыту дирекциясы дайындайды. Жыл басынан бері ұлттық құраманы Олимпиада ойындарына дайындау мен қатыстыру мақсатында 980 миллион теңге бөлінді»  , - деді Серік Жарасбаев.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам