Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Спортшылардың Парижден алтын алуға шамасы жете ма? Рейтинг жарияланды

09.07.2024, 16:59

Қазақстандықтардың әлемдік рейтингтегі жағдайы белгілі болды

Спортшылардың Парижден алтын алуға шамасы жете ма? Рейтинг жарияланды
ҰОК

Париж Олимпиадасының басталуына екі аптадан сәл асатын уақыт қалды. Қазіргі таңда Қазақстан командасы төртжылдық додасы қарсаңындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Осы орайда, Olympic.kz отандық атлеттердің әлемдік рейтингтегі жағдайына шолу жасап көрді. 

Әлемдік рейтинг көп жағдайда жеребе тарту рәсіміне әсер етеді және спортшының жарыс алдындағы деңгейінен хабар береді. 

Әзірге, Қазақстан командасы сапынан әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған спортшы – Азамат Дәулетбеков. Еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түсетін балуан біраздан бері тізгінді ешкімге берген жоқ. Азамат соңғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Олимпиадаға қатысатын тағы бір балуанымыз Әлішер Ерғали әлемдік рейтингте 8-орында тұр. Ал Парижге жолдама алғаны күні кеше белгілі болған Мейрамбек Қартбай өз салмағында төртінші орында. 

Грек-рим күресінен 60 келідегі Айдос Сұлтанғали алғашқы ондыққа енген жоқ. 77 келідегі Демеу Жадыраев UWW  түзген рейтингте 7-сатыға тұрақтады. 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов бесінші сатыда. 

Теннистен Қазақстан командасының үздігі Елена Рыбакина WTA рейтингінде 4-орында келеді. Парижде бақ сынайтын тағы бір отандасымыз  Юлия Путинцева әлемнің 35-ракеткасы саналады. 

Ерлер арасында сынға түсетін Александр Бублик АТР рейтингінде 23-сатыға орналасты. Александр Шевченко әлемдік рейтингтің 57-орнында. 

Дзюдошылар арасындағы ең жоғарғы рейтинг Абиба Әбужақыноваға (48 келі) тиесілі. Ол олимпиадалық рейтингте үздік үштікті тұйықтап тұр. Ерлер  арасында ең көп ұпай жинаған Абылайхан  Жұбаназар (81 келі) оныншы сатыға тұрақтады.  Елдос Сметов (60 келі) рейтингте  22-орында. 

Семсерлесуден әлемдік рейтинг нәтижесі Олимпиада ойындарының жеребе тарту рәсіміне тікелей әсер етеді. Командалық сында Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 4-орында. 

Ал жекелей сында қазақстандық спортшылар арасынан Руслан Курбанов жоғары орналасқан. Ол 12-сатыда. Ерлік Сертай 35, Эльмир Алимжанов 47, Вадим Шарлаимов 65-орында. 

Сондай-ақ, велоспорттан Қазақстан командасы өткен маусым қорытындысы бойынша UCI рейтингінде 19-орын алды.

Спорттық гимнастика өкілі Нариман Курбанов әлем кубогі кезеңдерінен соң құрылған рейтингте 2-орын иеленіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам