“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Қазақстан Украина мен Өзбекстаннан кейін тұр». Парижге қай ел қанша спортшысын жібереді?

10.07.2024, 09:16

Қазақстан 39-орында тұр 

«Қазақстан Украина мен Өзбекстаннан кейін тұр». Парижге қай ел қанша спортшысын жібереді?
Getty Images

Қазақстан Парижде өтетін Олимпиадаға 92 лицензия ұтып алды. 25 спорт түрінен ел намысын 80 спортшы қорғайды. Осылайша Қазақстан Олимпиадаға лицензия алған спортшылар саны бойынша ТОП-40 елдің қатарына енді.

Спортшы саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Америка 592 спортшысын қатыстырса, Франция құрамасында 587 спортшы бар. Үздік үштікті Австралия қорытындылады (468).

Посткеңестік елдер арасында Қазақстан Украина (138) мен Өзбекстаннан (86) кейін үшінші орында тұр.

Парижде 2024 жылғы спортшылар саны бойынша ТОП-50 елдің толық тізімі төмендегідей:

1. АҚШ – 592;

2. Франция – 587;

3. Австралия – 468;

4. Германия – 427;

5. Жапония – 411;

6. Қытай – 398;

7. Испания – 382;

8. Италия – 366;

9. Ұлыбритания – 327;

10. Канада – 318;

11. Бразилия – 277;

12. Нидерланды – 258;

13. Польша – 211;

14. Жаңа Зеландия – 196;

15. Венгрия – 175;

16. Бельгия – 164;

17. Египет – 153;

18. Оңтүстік Африка – 149;

19. Оңтүстік Корея – 144;

20. Украина – 138;

21. Аргентина – 136;

22. Ирландия – 132;

23. Швейцария – 127;

24. Дания – 125;

25. Швеция – 117;

26. Үндістан – 113;

26. Чехия – 113;

28. Сербия – 112;

29. Норвегия – 107;

29. Румыния – 107;

29. Мексика – 107;

32. Түркия – 102;

33. Грекия – 101;

34. Словения – 90;

35. Колумбия – 89;

36. Израиль – 88;

37. Нигерия – 87;

38. Өзбекстан – 86;

39. Қазақстан – 80;

40. Австрия – 76;

41. Хорватия – 73;

41. Португалия – 73;

43. Кения – 72;

44. Куба – 63;

45. Марокко – 59;

46. ​​Ямайка - 58;

47. Қытайлық Тайбэй – 57;

48. Финляндия – 56;

49. Доминикан Республикасы – 54;

50. Пуэрто-Рико – 52.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам