“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Есмигүл Куюлова Париж олимпиадасына жекелей сында қатысады

16.07.2024, 12:35

Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын

Есмигүл Куюлова Париж олимпиадасына жекелей сында қатысады
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Есмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында белдеседі. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Айбек Имашев мәлімдеді. 

"Есмигул Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын. Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады",  - дейді Имашев ҚР ҰОК сайтына берген ресми сұхбатында. 

Еске сала кетейік, Есмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері. 

Париж Олимпиадасында жалпы есебі сегіз дзюдошы бақ сынайды. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам