Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Сметов үшінші жүлдесін алуға дайын»: Бас бапкер құрама үздіктеріне болжам жасады

16.07.2024, 16:19

Қазақстан дзюдошылары Олимпиададағы алғашқы жарысын 27 шілде бастайды

«Сметов үшінші жүлдесін алуға дайын»: Бас бапкер құрама үздіктеріне болжам жасады
ҰОК

Париж Олимпиадасында дзюдодан ұлттық құраманың 8 дзюдошысы белдеседі. Татами шеберлері екі күннен соң Францияға аттанады.

Ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов жақында Испаниядан оралған дзюшылардың дайындығы туралы айтты.

«Қазақстан ұлттық құрама командасы Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Қазіргі таңда құрама Испаниядан елге оралып, Алматы облысындағы олимпиадалық кешенде соңғы оқу жаттығу жиынына қатысуда. 17 шілде жаттығу аяқталған соң, келесі күні Алматыдан Парижге аттанамыз», - деді Нұрбол Сүлейменов kazinform-ға берген сұхбатында.

Қазақстан дзюдошылары Олимпиададағы алғашқы жарысын 27 шілде бастайды. Бұл күні татамиге екі спортшы шығады.

«Олимпиадада ерлерден 60 келіде Елдос Сметов, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев, 73 келіде Данияр Шамшаев, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар және 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан белдеседі. Барлығы өз салмақтары бойынша ел мықтылары. Оның ішінде Елдос екі бірдей Олимпиадада жүлде алды. Биыл да аянып қалмайды. Барлығының жүлдеге таласуға мүмкіндіктері бар. Дзюдошыларымыздан бірінші болып, 27 шілде күні Елдос Сметов сынға түседі. Жалпы, Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша жарыстар 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған», - деді бас бапкер.

 Сондай-ақ, дзюдодан әйелдер арасын құрамасынан Әбиба Абужақынова (48 кг), Кәмила Берліқаш (+78 кг), Есмигүл Куюлова күреседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам