Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Париж мэрі спортшылардың қауіпсіздігі үшін Сена өзеніне түсті

17.07.2024, 23:10

65 жастағы әкім журналистер мен жұртшылықтың көзінше 100 метрді жүзіп өтті

Париж мэрі спортшылардың қауіпсіздігі үшін Сена өзеніне түсті
euronews.com

Париж мэрі Анн Идальго Олимпиада қарсаңында Сена өзенінің спортшылар үшін қаншалықты қауіпсіз екенін тексеріп көрді. Бұған дейін су сынақтары бактериялық ластанудың жоғары деңгейін анықтап, судың жарамсыз екенін көрсеткен. Дегенмен соңғы тексеру өзеннің айтарлықтай тазарғанын көрсетті.

Мұны дәлелдеу үшін 65 жастағы Идальго журналистер мен жұртшылықтың көзінше 100 метрді жүзіп өтті.

«Біз осы күнді көп армандадық. Бірге жүзу үшін емес, өзеннің таза болуы үшін ұзақ уақыт бойы жұмыс істедік. Нәтиже көңіл қуантады.  Біз мұны планетаның, өзен мен мұхиттың игілігі үшін жасадық. Қолымыздан келді», - деді Анн Идальго.

Онымен бірге басқа да қалалық әкімдік қызметкерлері және француз каноэшісі, үш дүркін Олимпиада жүлдегері, қазір Париждегі 2024 жылғы ойындарды ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Тони Эстанге демонстрациялық жүзуге қатысты.

Париж билігі өзенге төгілген кәріз суын тазалау үшін 1,4 миллиард еуро жұмсаған. Осылайша қала басшысы өзен суларында олимпиадалық жүзу жарыстарын өткізуге барлық жағдай жасалғанына сенім білдірді.

2024 жылдың жазында Олимпиада ойындары аясында Парижде ашық суда жүзу жарыстары (8-9 тамыз) және триатлон кезеңін (30-31 шілде) өткізу жоспарланған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам