Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Тағдырдың жазуы». Головкин Парижде алтын медаль алу қаншалықты мүмкін екенін айтты

18.07.2024, 10:18

ҰОК басшысы қазақстандық әрбір спортшыға мотиватор болуға дайын

«Тағдырдың жазуы». Головкин Парижде алтын медаль алу қаншалықты мүмкін екенін айтты
ҰОК

ҚР ҰОК президенті Геннадий Головкин қазақстандық спортшылардың Париж олимпиадасында жүлделі болуға мүмкіндігі мол деп есептейді. Боксшы  Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының мықты екенін атап өтті.

ҰОК басшысы қазақстандық әрбір спортшыға мотиватор болуға дайын. Дегенмен, ол медальдың әрқашан спортшының шеберлік деңгейін толық көрсетпейтінін айтады.

«Әрине, мен елімнің әрбір спортшысы үшін жауаптымын. Оларға сәттілік тілеп, өзіне деген сенімділікті жоғалтпауды сұраймын. Біздің құрама –  өте мықты. Спортшыларымыздың медаль алып, чемпион атануы үшін шеберлігі жеткілікті. Психологиялық жағдай мен дайындық деңгейіне көп нәрсе байланысты. Әрі олимпиада алтыны шеберліктен гөрі, тағдырдың жазуы дер едім», - дейді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, боксшы осыдан 20 жыл бұрын Афиныда өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам