Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Винокуровтың ізбасары жарақатына байланысты Олимпиадаға қатыса алмауы мүмкін

19.07.2024, 14:43

Луценко «Тур де Франс» көпкүндігінің 17-ші кезеңін аяқтай алмаған еді

Винокуровтың ізбасары жарақатына байланысты Олимпиадаға қатыса алмауы мүмкін
ҰОК

Қазіргі таңдағы Қазақстанның үздік велошабандозы Алексей Луценко Париж Олимпиадасына қатыса алмауы мүмкін. Бұл туралы журналист Аян Төлеген Telegram-дағы парақшасында жазды.

«Алексей Луценко жарақат алып, қазір олимпиадалық веложарыстардың кестесі өзгеруде. Азияның үздік шабандозының орнын Евгений Федоровпен орын ауыстырады. Алғашында Луценко жекелей және топтық жарыстарға қатысуы керек болса, енді ол тек соңғысына ғана қатысады. Ал Федоров екеуінде де өнер көрсетеді. Сонымен қатар Алексей әлі де топтық жарыста қалпына келеді деп үміттенуіміз керек», - дейді Аян Төлеген.

Айта кетейік, «Астана» велокомандасының шабандозы Алексей Луценко «Тур де Франс» көпкүндігінің 17-ші кезеңін аяқтай алмаған еді. Сол жақ тізесінен жарақат алып, жарыстан шығып қалған.

Қазақстанда Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың ізбасары ретінде көпшілік Алексей Луценконы айтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам