Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Біз келдік»: Геннадий Головкин 20 жылдан кейін Олимпиадаға қайта оралды

23.07.2024, 01:32

Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде алауын жағады

«Біз келдік»: Геннадий Головкин 20 жылдан кейін Олимпиадаға қайта оралды
instagram.com/gggboxing/

Қазақстан спортшылары Парижге келді. Оларды Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, даңқты боксшы Геннадий Головкиннің өзі бастап барған.

Айта кету керек, осыдан тура 20 жыл бұрын Головкин Афины Олимпиадасына спортшы ретінде барып, күміс жүлдегер атанған болатын.

«Біз келдік. Командамыздың атлеттерін қолдауға әрқашан дайынмын! Тура 20 жылдан кейін Олимпиадалық қалашықтамыз», - деп жазды GGG өзінің Instagram-парақшасында.

Головкин Парижге келе салып Қазақстанның спортшыларымен кездесіп, олардың жай-күйін сұрап білді. Атап айтқанда, гимнастшылар Нариман Құрбанов және Милад Каримимен, ескекші Владислав Яковлевпен және бокстан ұлттық құрама өкілдерімен жолықты.

Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде алауын жағады. Қазақстаннан аталған сында 82 спортшы бақ сынайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам