ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Спортты дамытуға бөлінген 60 млн теңгені жымқырған басшы сотталды

23.07.2024, 11:15

Ол қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алған

Спортты дамытуға бөлінген 60 млн теңгені жымқырған басшы сотталды
әлеуметтік желі

Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту Дирекциясының басшысы 60 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны және қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлім етті.

Спортшыларға арналған спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, оларды жалға алу туралы еншілес тұлғалармен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған.

Сонымен қатар, басшымен бірге бюджет қаражатын ұрлауға көмектескені үшін Дирекция қызметкері де сотталды.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі туралы уәждерін жоққа шығарды.

Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, ал оның көмектесушісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам