Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Жадраев пен Тұрсынов Парижде Олимпиада чемпиондарымен бір топқа түсті

23.07.2024, 11:54

Балуандар бозкілемге 6-7 тамыз күндері шығады

Жадраев пен Тұрсынов Парижде Олимпиада чемпиондарымен бір топқа түсті
ҰОК

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен Қазақстан балуандарының қарымды қарсыластары белгілі болды.

Грек-рим күресінен 77 келіде белдесетін Демеу Жадыраев алғашқы қарсыласын жеңген соң екінші айналымда Қырғызстанның танымал балуанымен күресуі мүмкін.

Рейтингтік нөмір бойынша ол турнир кестесінде бозкілемге шығатын бесінші жұп болып отыр. Әзірге жеребе тартылмағандықтан оның алғашқы айналымда кіммен күресетіні белгісіз. Дегенмен, ол жеңіске жеткен жағдайда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовпен жолы түйісуі ықтимал.
 
Ал 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсыновтың өз салмағында күресетін төртінші жұпқа түсті. Отандасымыз келесі кезеңге өтсе, Олимпиада чемпионы, украиналық Жан Беленюкке қарсы шеберлік байқасады.

Айта кететін жайт, Демеу Жадраев 6 тамыз күні жарысты бастаса, Нұрсұлтан Тұрсынов 7 тамызда бозкілемге шығады.

Бұдан бөлек, 60 келіде Айдос Сұлтанғали мен аса ауыр салмақтағы (130 кг) Әлімхан Сыздықовтың қарсыласы анықталмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам