Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Парижге баратын қазақстандық делегацияға бюджеттен 900 млн бөлінді

24.07.2024, 16:33

Жалпы 80 спортшы 92 лицензия жеңіп алған

Парижге баратын қазақстандық делегацияға бюджеттен 900 млн бөлінді
Ақорда

Париждегі Олимпиадаға Қазақстан құрамасының бір тобы аттанып кетті. Еліміздің атлеттері спорттың 25 түрінен бақ сынайды. Жалпы 80 спортшы 92 лицензия жеңіп алған. Одан бөлек, бапкерлер, менеджерлер, медициналық қызметкерлер, журналистер бар. Олардың баруы да аз қаржы болмай тұр.

ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінгенін айтқан.

«Қазақстандық делегацияның қатысуына жұмсалған шығын қазір 896 687 000 теңгені құрайды. Бұл қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінген. Ол қаржыға спорт нысандарын жалға алу, сақтандыру, қазақстандық делегацияның ұшуы, штаб мүшелерінің тұруы мен тамақтануы кіреді», - деп хабарлады агенттік тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Бұл ретте делегация мүшелеріне олимпиадалық қалашық аумағында тұру қарастырылған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам