Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

ХОК-тың «қара тізіміне» ілінген Умар Кремлев Өзбекстан президентін әбден мақтады

24.07.2024, 16:23

Шавкат Мирзиёевке «Ең үздік президент» деп баға берді

ХОК-тың «қара тізіміне» ілінген Умар Кремлев Өзбекстан президентін әбден мақтады
РИА новости

Бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 67 жасқа толды. Өзбекстан басшысын Халықаралық бокс қауымдастығының (ІВА) президенті Умар Кремлев құттықтады.

«Бүгін әлемдегі ең көрнекті саяси қайраткерлердің бірі – Шавкат Мирзиёевтің туған күні. Барша бокс қауымдастығының, IBA командасының және жеке өзімнің атымнан Шавкат Миромонұлын жеке мерекесімен құттықтаймын. Өзбекстан тарихындағы халықтың игілігі мен спортты дамыту үшін жұмыс істеп жатқан ең үздік президент. Боксқа деген жанашырлығыңыз үшін және былтыр Ташкенттегі әлем чемпионаты үшін алғысымды білдіремін. Сізге зор денсаулық, жұмысыңызға табыс тілейміз!», - деді Умар Кремлев.

Айта кетейік, кеше Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) Халықаралық бокс қауымдастығын (ІВА) олимпиада Хартиясына енгізген түзетуді қабылдай отырып, танылған федерациялар тізімінен шығарып тастады. Бұған дейін Спорттық төрелік соты (CAS) ХОК сессиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы ұйымды мойындаудан бас тарту туралы шешіміне қатысты IBA шағымын қабылдамады.

2028 жылы өтетін Олимпиада Ойындарында ХОК ІВА-ға мүше елдердің бокс құрамасын қатыстырмау туралы талап қойып отыр. Енді әрбір елдің бокс федерациясы World Boxing-ке мүше болуы тиіс.

Сонымен бірге, ҰОК президенті Геннадий Головкин де Reuters агенттігіне берген сұхбатында бокс федерациясын ІВА-дан шығуға үндейтінін айтқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам