Араларында Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Украина, тіпті Кенияда туған спортшылар бар
Париж олимпиадасында Қазақстан атынан өнер көрсететін 80 спортшының 15-і өзге елдерде дүниеге келген. Араларында Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Украина, тіпті Кенияда туған спортшылар бар. Бұл туралы желіде Қанат Байұзақов есімді спорт сарапшысы жазды
Осы орайда қай саңлақтың қай елде кіндік қаны тамғанын тізіп өтсек.
Абиба Әбужақынова (дзюдо) — Өзбекстанда дүниеге келген.
Эсмигүл Қуюлова (дзюдо) — Өзбекстанда туған .
Сәкен Бибосынов (бокс) — Өзбекстанда дүниеге келген.
Мұхамедсабыр Базарбайұлы (бокс) — Қырғызстанда дүниеге келген.
Сергей Токарницкий (байдаркада ескек есу) — Украина, 2013 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Тимур Хайдаров (каноэде есек есу) — Өзбекстанда туған.
Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисшілердің басым бөлігі Ресейде туып-өскен.
Елена Рыбакина (теннис) — 2018 жылдың маусым айында Қазақстан азаматтығын алды.
Юлия Путинцева (теннис) — 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Александр Бублик (теннис) — 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Александр Шевченко (теннис) — 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Александр Недовесов (теннис) — 2013 жылы Украинандан ауысып келді.
Юсуп Батырмурзаев (еркін күрес) — 2013 жылы Ресей Федерациясынан ауысып келді.
Екатерина Шаблина (триатлон) — 2021 жылдан бастапҚазақстан атынан өнер көрсетеді.
Нора Джеруто (жеңіл атлетика) — Кения, 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. 2022 жылы жеңіл атлетикадан Қазақстан атынан тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Дейзи Джепкемей (жеңіл атлетика) — Кения, 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.