Отандасымыз семсерлесуден ширек финалға өтті
Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында командамыздың көшбасшысы Руслан Курбанов 1/8 айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы Ромен Каннонды ұтты.
Тартысты кездесудің есебі 15-10. Отандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы енді анықталады.
Осыған дейін Руслан алғашқы кездесуінде марокколық Хуссас Ел Кордты 15-13 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Руслан былтыр Миландағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Бұл еліміз үшін ӘЧ-ның алғашқы жүлдесі саналады.