“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Назым Қызайбай Олимпиаданы жеңіспен бастады

28.07.2024, 20:26

Оның келесі қарсыласы – бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейда

Назым Қызайбай Олимпиаданы жеңіспен бастады
Қазақстан бокс федерациясы

Қыздар боксынан Олимпада ойындарында Қазақстан намысын қорғап жатқан Назым Қызайбай (50 кг) алғашқы айналымда жеңіске жетті.

1/16 финалда жерлесіміз италиялық боксшы Джордана Соррентиномен жұдырықтасқан болатын. Бірінші раундта төрешілер жеңісті Джорданаға берген. Алайда, қалған екі раундта Назымның мерейі үстем болды.

Осылайша қазақстандық боксшы жарыстың 1/8 финалына шығып отыр. Оның келесі қарсыласы – бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейда.

Айта кетейік, Назым Қызайбай әлемнің екі дүркін чемпионы және Азия чемпионы. Олимпиада жолдамасын ол соңғы Таиландта өткен лицензиялық турнирде иеленді.

Бұған дейін рингке шыққан Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Айбек Оралбай бірінші айналымда жеңіске жетсе, команда капитаны Асланбек Шымбергенов жеңіліп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам