“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қостанайда бокс бапкерлері жас жігітті балағаттап, соққыға жыққан

29.07.2024, 18:10

Дәмхана қызметкеріне қол көтерген азаматтардың бокс жаттықтырушысы екені анықталды

Қостанайда бокс бапкерлері жас жігітті балағаттап, соққыға жыққан
Видеодан кадр

20 шілде күні Қостанайдағы дәмханалардың бірінде ер адам мен бар даяшысы жанжалдасып қалған. Әлеуметтік желіде таралған видеодан байқағанымыздай,  екі ер адам бариста жігітпен сөзге келіп қалған. Кейін жаттықтырушының біреуі жас жігіттің бетінен жұдырықпен соққан. Дәмхана қызметкеріне қол көтерген азаматтардың бокс жаттықтырушысы екені анықталды.

«Қостанай облысының Бокс федерациясының жаттықтырушылары Қуаныш Куликов пен Дәулет Танабаев кафедегі барменге шабуыл жасады. Мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды, оны тез тергеп, әділ жазасын беру керек. Куәгерлердің бәрін байланысқа шығуға шақырамыз. Осындай жаттықтырушы мұғалімдер болашақ чемпиондарды, спортшыларды, балаларды қалайша тәрбилей алады?», - деп жазылған желідегі парақшада.

Облыстың спорт басқармасы болған оқиғаға байланысты түсінік берді.

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық бокс федерациясымен бірлесіп жұмыс тобын құратын болады. Бұл мәселе спорт жөніндегі кеңестің таяудағы отырысында қарастырылады», - делінген хабарламада.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам