Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қарағандының тумасы Әзірбайжанға алғашқы алтынды сыйлады

29.07.2024, 21:56

Финалда әзірбайжандық дзюдошы француз балуанын жеңді

Қарағандының тумасы Әзірбайжанға алғашқы алтынды сыйлады
azerisport.com

Әзірбайжан намысын қорғаған Хидаят Гейдаров дзюдодан 73 келі салмақта Париж-2024 Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды.

Финалда әзірбайжандық дзюдошы Джоан-Бенджамин Габты (Франция) жеңіп, Әзірбайжан тарихындағы 8-ші Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша, Әзірбайжан Париж олимпиадасындағы алғашқы медалін жеңіп алды.

Балуан жартылай финалда Косово спортшысы Акил Гяковпен кездескен еді. Жекпе-жектің негізгі уақытында ешқандай ұпай алмай, қосымша уақытта Хидаят өзінің әдісімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, дзюдодан Әзірбайжан ұлттық құрамасының мүшесі Хидаят Гейдаров 1997 жылы 27 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. Хидаят 3 жасқа толғанда отбасымен бірге Бакуге қоныс аударады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам