Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Дзюдодан әйелдер құрамасынан екінші балуан жүлдесіз қалды

30.07.2024, 14:10

Осылайша қазақстандық 6 спортшы татамидегі белдесуін аяқтады

Дзюдодан әйелдер құрамасынан екінші балуан жүлдесіз қалды
Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында дзюдодан 63 келіде Есмигүл Құйылова алғашқы белдесуінде аустриялық спортшыдан айласын асыра алмады.

Белдесу барысында Аустрия балуаны Любьяна Автовесана отандасымызға қарсы нәтижесі әдіс жасап, ваззари ұпайын иеленді. Осыдан кейін төреші қос дзюдошыға да 2 ескеруден берді. Бірақ кездесу соңына дейін Құйылова нәтижесіз әдіс жасап, басымдықты арттыра алмады.

Осылайша Париждегі ойындарда дзюдодан отандық алтыншы спортшымыз татамидегі белдесуін аяқтады. Бұған дейін ерлер құрамасынан 4, әйелдер құрамасынан 1 балуан күрескен болатын. Олардың арасында Сметов чемпион атанса, Қырғызбаев қолаға қол созды. Ал Абиба Әбужақынова бесінші орынға тұрақтады. Енді 1 тамыз күні ерлерден -100 келіде Шархан Нұрлыхан, 2 тамыз күні әйелдерден +78 келіде Кәмила Берліқаш белдеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам