Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Абиба Әбужақынова 2028 жылға дейін күйеуге шықпайтынын мәлімдеді

30.07.2024, 22:07

Қазір дзюдошы қыздың басы бос

Абиба Әбужақынова 2028 жылға дейін күйеуге шықпайтынын мәлімдеді
Қазақстан дзюдо федерациясы

Париж Олимпиадасында сүрінген қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова келесі Олимпиадаға тыңғылықты дайындалатын болды. Ол алдағы төрт жылда отау құру деген тақырыпты уақытша ысыра тұрам дейді. Басты мақсат – Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында топ жару.

Бұл туралы дзюдошы қыз Қазақпаратқа берген сұхбатында айтты. Егер Парижде жүлде алғанда ол спорттағы мансабын аяқтар еді.

«Арманым – Олимпиаданың медалін алып, қазақ спортының тарихын жаңарту. Осы Олимпиадада сол арманым орындалғанда міндетті түрде болашақ жарымды тауып, тұрмысқа шығып, бесігімді тербетіп үйде отырғым келген. Осы жолы жеңіліп қалғаннан кейін ол ойымнан айнып қалдым. Қазір жігітім де жоқ. Егер мені түсініп, 2028 жылғы Олимпиадаға дейін күтемін деген азамат болса, тұрмысқа шығуға дайынмын», - деді ол.

Еске салайық, Абиба Әбужақынова үшінші орын үшін болған белдесуде Швеция дзюдошысынан жеңіліп қалды. Жарыс барысында ол алдымен қолынан, артынша аяғынан жарақат алған. Соған қарамастан соңына дейін күресті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам