Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Балалы ер адамды соққыға жыққан: Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

30.07.2024, 22:18

Боксшының 5 жылға дейін сотталуы мүмкін екені айтылған еді

Балалы ер адамды соққыға жыққан: Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
© AP Photo / Joe Coomber

Астана сауда орталығындағы балалы ер адамды ұрған боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство екі тараптың өзара татуласқанын алға тартты.

«Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі аталған азаматқа қатысты «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл тұлғаға қатысты қылмыстық іс пен қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды», – делінген министрлік мәліметінде.

Естеріңізде болса, былтыр 18 маусымда Бейбіт Шүменов Астанадағы ірі сауда орталығында қолына баласын ұстаған ер адаммен сөзге келіп, оны соққыға жыққан болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам