Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Стенд атудан қазақстандық Мария Дмитриенко финалға өте алмады

31.07.2024, 16:50

Екінші іріктеу кезеңінде 10-орынға жайғасты

Стенд атудан қазақстандық Мария Дмитриенко финалға өте алмады
Сали Сабиров

Стенд атудан Париж Олимпиадасында бақ сынап жатқан Мария Дмитриенко финалдан сырт қалды. 

"Трап" бағдарламасы бойынша іріктеудің алғашқы күнінде Дмитриенко төртінші орыннан көрінген болатын. Алайда, екінші іріктеу кезеңінде отандасымыз бұл басымдықты ұстап тұра алмады. Ол 120 ұпаймен оныншы сатыға орналасты.

Ал финалдық кезеңге іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа енген мергендер жолдама алды. 

Аралық нәтиже бойынша, испаниялық Мар Мольне 123 ұпаймен көш бастап тұр. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам