Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қазақстан құрамасы дзюдода жалпы есепте төмен сырғыды

31.07.2024, 23:15

Біздің қоржында бір алтын, бір қола медаль бар

Қазақстан құрамасы дзюдода жалпы есепте төмен сырғыды
AP

Парижде Грузия дзюдошысы Лаша Бекаури екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Ол финалда жапониялық Санчиро Мураоны айқын жеңді.

90 келіде өнер көрсеткен грузиялық дзюдошы жарыста барлығы төрт кездесу өткізді. 

Турнирді екінші айналымнан бастаған ол болгариялық Ивайло Ивановты, ширек финалда оңтүстіккореялық Джуйоп Ханды, жартылай финалда Испания өкілі Тристани Мосахлишвилиді ұтты. Ал финалдық белдесуде ұтылып жатып, қарсыласынан соңғы минутта жеңісті жұлып алды. Осылайша ол ел тарихында дзюдодан екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған алғашы спортшы болып отыр.

Айта кететін жайт, Грузия құрамасы жалпыкомандалық есепте Жапониядан кейін бір алтын, бір күміс медальмен екінші сатыға жайғасқан. Ал осыған дейін тізімде екінші тұрған Қазақстан құрамасы үшінші орынға сырғыды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 3
Ашулану 5

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам