“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

2028 жылғы Олимпиадада жеңіске жетемін - Нұрлыхан Шархан

01.08.2024, 15:54

Дзюдошы өзіне сәттілік жетіспегенін айтты

2028 жылғы Олимпиадада жеңіске жетемін - Нұрлыхан Шархан
ҰОК

100 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрлыхан Шархан 1/8 финалда өзбекстандық Музаффарбек Туробоевтан жеңілді.

Қазақстандық дзюдошы белдесуден кейін «Qazsport» арнасына сұхбат беріп, алдағы жоспарын бөлісті.

«Бірінші белдесуімде бельгиялық балуанмен күрестім. Бәрі ойдағыдай өтті. Бапкерлердің тапсырмасын орындап шықтым. Екінші белдесуде өзбекстандық балуанға есе жібердім. Шаршап немесе күш жағынан өзбек балуанынан кем түсіп тұрған жоқ едім. Сәттілік жетіспеді. Төрешілер тарапынан да ешқандай қателік болған жоқ. Қателік тек өзімнен. Бойы ұзын деп сылтау айтудың да керегі жоқ. Екеумізде де вазари болды. Ашық күрестік. Барымды салдым. Енді дайындықты үдетеміз. Алла қаласа, 2028 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жетемін. Қолдау білдірген қазақ халқына, отбасыма алғыс айтамын», - деді Шархан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам