“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Өзбекстандағы қазақ боксшысы Олимпиадамен қоштасты

01.08.2024, 16:22

Руслан Абдуллаев 2020 жылы Қазақстанға көшіп келмек болған

Өзбекстандағы қазақ боксшысы Олимпиадамен қоштасты
Өзбекстан ҰОК

Өзбекстандық боксшы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Париж олимпиадасымен қош айтысты.

Ол 63,5 келіге дейінгі салмақта бокстасқан. Бүгін 2023 жылғы Панамерика ойындарының чемпионы, канадалық Уайатт Сэнфордқа есе жіберді. Осылайша, Руслан Олимпиадамен қош айтысса, канадалықта кемі қола медаль бар.

Абдуллаев бұған дейін 1/8 финалда мексикалық Мигел Анхел Мартинесті сенімді жеңген еді. Айта кетейік, Руслан Абдуллаев 2020 жылы Қазақстанға көшіп келмек болған. Алайда, бұл әрекеті жүзеге аспады.

Ал, 2023 жылы ол бокстан әлем чемпионы атанды. 2022 жылы Азия чемпионы болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам