“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Әлемнің танымал дзюдошысы Қарағандыға келеді

01.08.2024, 16:49

Жапондық балуан 2019 және 2021 жылдары әлем чемпионы атанды

Әлемнің танымал дзюдошысы Қарағандыға келеді
instagram.com/jenysjudoclub

Жапонияның белгілі дзюдошысы, екі дүркін әлем чемпионы Джоширо Маруяма Қазақстанға келуді көздеп отыр.

Дзюдодан 66 келіде белдесетін әлемнің үздік балуандарының бірі Қарағандыда жас дзюдошыларға шеберлік сағатын өткізбек. Джоширо Маруяма бүгінде Жапония құрамасында өнер көрсетеді. Ол 2019 және 2021 жылдары әлем чемпионы атанды. Бұл сында даңқты балуан өзінің байырғы қарсыласы, кейін Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болған Хифуми Абэні ұтқан болатын. Алайда 2022-2023 жылдары әлем біріншілігінің финалында өзінің құрамадағы басты қарсыласына есе жіберіп, екінші рет Олимпиадаға бару мүмкіндігін мүлт жіберіп алды.

Күншығыс елінің балуаны JENYS дзюдо клубының шақырумен 6-7 тамыз күні Қарағандыдағы Қ.Байшолақов атындағы спорт залында жас балуандарға өзінің тәжірибесін бөлісіп, шеберлігін шыңдауға ат салыспақ. Биылғы мамыр айының басында аталған клуб басшылығының шақыруымен дзюдодан екі дүркін Олимпиада чемпионы, жапониялық Оно Сохэй келген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам