Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Танымал зілтемірші Алмас Өтешов күзетші болып жүр

01.08.2024, 23:15

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері ешкімге керек болмай қалғанына налиды

Танымал зілтемірші Алмас Өтешов күзетші болып жүр
Видеодан кадр

Кезінде аты дүркіреп тұрған отандық зілтеміршілердің бірі Алмас Өтешов бүгінде Алматыда күзетші қызметін атқарып жүр. Бұл туралы спортшының өзі «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері ешкімге керек болмай қалғанына налиды. Өмірін де, денсаулығын да сүйікті спортына арнаған ол талай қиындықты бастан өткеріпті.

«Қазақта «Ердің басына күн туса, етігімен су ішер» дейді ғой. Қазір соны бастан кешіріп жатырмын.

Көтерілсең, бәрі қолпаштайды. Бір сүрінсең, бәрі жек көріп кетеді. Осыны түсіне алмай-ақ қойдым. Қолымнан келгеннің бәрін істедім. 230 келіні көтере салу деген оңай емес. Допинг деп жатады, бірақ ондай салмақты басыңнан асыру оңай емес. Соны көтердік. Қазір омыртқамның төрт жерінен грыжам бар.

Не айтамын, қазағымды жақсы көремін, қазақ болып туғаныма мақтанамын. Бірақ сүрінсең, ешкімге керек болмай қалады екенсің. Сол қорлыққа шыдамай Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады. Альберт Линдер де арамыздан ерте кетті. Кезінде үкімет бізді пайдаланды. Туды көтердік. Одан кейін ешкім болмай қалдық. Омыртқадан омыртқа, тізеден тізе қалмады», - деді спортшы.

Ауыр атлет ешқандай өтемақы алмайтынын да алға тартты.

«Ешқандай өтемақы жоқ. Қазір Алматыда күзетші болып жұмыс істеймін», - деді Өтешов.

Зілтемірші спорт мектептеріне жұмысқа шақырса, білек сыбана кірісуге де дайын екенін айтты. Бірақ әзірге ондай ұсыныс жоқ екен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам