“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Дзюдодан Қазақстан құрамасы командалық сында жеңіліп қалды

03.08.2024, 13:42

Жарысқа Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев қатыспады

Дзюдодан Қазақстан құрамасы командалық сында жеңіліп қалды
Қазақстан дзюдо федерациясы

Париж Олимпиадасында дзюдодан командалық сында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы Бразилиядан жеңілді, есеп – 2:4.

Жарысқа әр командадан алты дзюдошыдан қатысатыны белгілі. Қазақстан намысын Абиба Әбужақынова, Данияр Шамшаев, Эсмигүл Куюлова, Абылайхан Жұбаназар, Камила Берліқаш және Нұрлыхан Шархан қорғады.

Біздің командадан тек Данияр Шамшаев пен Абылайхан Жұбаназар ғана жеңіске жетті. Қалған төрт балуан да иппон әдісімен жеңілді.

Айта кету керек, Париж Олимпиадасында Қазақстан спортшылары барлығы үш медаль еншіледі: бір алтын, екі қола. Оның екеуін дзюдошылар жеңіп алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам