Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Кешірім сұраймын». Абиба Әбужақынова жеңілістен кейін пікірін білдірді

03.08.2024, 16:44

Қазақстандық дзюдошылар Бразилияға 5:2 есебімен жол берді

«Кешірім сұраймын». Абиба Әбужақынова жеңілістен кейін пікірін білдірді
Владислав Семенов

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Абиба Әбужақынова командалық жарыстан кейін сұхбат берді.

«Біз командалық жарысқа алғаш рет лицензия алып тұрмыз. Оның өзінде, толық құраммен алмадық. Сондықтан, көпшілігіміз жоғары салмақта белдестік.

Соған қарамастан, жақсы нәтиже тіркеп, ерлік  көрсеттік деп ойлаймын. Жүлдеге жақындай алмағанымыз өкінішті, десе де, біз алдағы ойындарға толық құраммен келеміз деген сенімдемін.

Жанкүйерлерді қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын», - деді Абиба. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы дзюдодаан командалық жарыста Бразилиядан жеңіліп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам