Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Франциялық Тедди Ринер Олимпиадада өзінен 64 келі жеңіл балуанды ұтты

03.08.2024, 17:43

Ал Абиба Әбужақынова өзінен 9 келі ауыр дзюдошымен күресті

Франциялық Тедди Ринер Олимпиадада өзінен 64 келі жеңіл балуанды ұтты
t.me/sportilinet

Париж Олимпиадасында дзюдодан командалық сында Франция мен Оңтүстік Корея арасында өткен кездесуде қызық белдесу өтті.

Ширек финалда Франция құрамасындағы даңқты балуан Тедди Ринер өзінен 64 келі жеңіл балуанмен белдесті. Оңтүстіккореялық Джун-Хван Ли 81 келіде сынға түсетініне қарамастан ол Олимпиаданың төрт дүркін чемпионына қарсы 1 жарым минут бойы төтеп берді. Алайда бойы 204 см француз балуаны оны қиындықсыз жеңді. Осылайша, Франция құрамасы 4:1 есебімен келесі кезеңге өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан-Бразилия құрамаларының белдесуінде Абиба Әбужақынова өзінен 9 келі ауыр дзюдошымен күресті. Алайда бұл кездесуде отандасымыздың қарсыласы Олимпиада чемпионы Рафаэла Соуза басым түсті. Осылайша, ұлтты құрама балуандары 4:2 есебімен ұтылып, жарысты аяқтауға мәжбүр болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам