“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Бүгін Нұрбек Оралбай жартылай финалда жұдырықтасады

04.08.2024, 09:12

Жеңіл атлетикадан Нора Джеруто жарыс жолына шығады

Бүгін Нұрбек Оралбай жартылай финалда жұдырықтасады
Тұрар Қазанғапов

Бүгін Париж олимпиадасының тоғызыншы күнінде бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай жартылай финалда жұдырықтасады. Барша Қазақстандықтар Нұрбек Оралбайға үміт артып, финалдық бәсекеге жолдама алуына тілекші боп отыр. Сондай-ақ Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Нора Джеруто жарыс жолына шығады. 

4 тамызға арналған жарыс кестесі:

12:00. Ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу. Никита Чирюкин

12:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Іріктеу (екінші күн)
Әсем Орынбай

13:05. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 3000 м с/п. Бірінші кезең.
Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей

13:55. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 200 метр. Бірінші кезең.
Ольга Сафронова

14:50. Жеңіл атлетика. Ерлер. 110 м с/б. Бірінші кезең.
Давид Ефремов

15:52 Бокс. Ерлер. Жартылай финал
80 келі. Нұрбек Оралбай – Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы)

16:00. Оқу ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу (екінші). 
Никита Чирюкин

18:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Финал (Іріктеуден сәтті өткен жағдайда) 
Әсем Орынбай

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам