Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тарихи медаль еншілеген гимнаст қазақтың спортшы қызына үйленетінін айтты

04.08.2024, 11:31

Нариман Құрбанов үйленген соң да спортты жалғастырып, алтын алудан үмітті

Тарихи медаль еншілеген гимнаст қазақтың спортшы қызына үйленетінін айтты
әлеуметтік желі

Спорттық гимнастикадан Қазақстан қоржынына Олимпиаданың тарихи медалін салған Нариман Құрбанов алдағы жоспары туралы айтты.
Спортшы енді отбасын құрмақ. Сүйіктісіне төртжылдықтың бас додасында мақсатына қол жеткізіп, шаңырақ құратынын айтып уәде берген екен.

«Медальді сезініп үлгерген жоқпын. Елге оралып, спорттық гимнастикаға қатысы бар адамдардың қолдауын, құттықтауын көргенде барып түсінетін шығармын. Ең алдымен үйленемін. Сүйіктім әбден күтті. Аидаға үш жылдан бері Олимпиада ойындары аяқталған бойда отау құрамыз деп уәде беріп келдім. Бұйыртса, сол уәдемді орындаймын», - деді Нариман.

Құрбанов спорттық карьерасын да жалғастырмақ, алдағы олимпиадалық циклде алтынға қол жеткізу мүмкіндігі жоғары екенін де қоса кетті.

«Мені алда күтіп тұрған келесі олимпиадалық цикл - 26 жастан 30 жасқа дейінгі аралық атта жұмыс істейтін гимнаст үшін шың саналады, сондықтан алтын медаль алуға мүмкіндік жоғары», - деді ол.
 

Сүйіктісі - Аида Бауыржанова да өзімен бірге өнер көрсетіп жүрген гимнаст.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам