“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Бір жасар балам бар». Декреттік демалыстан Парижге барған Джеруто жүлдеден үмітті

04.08.2024, 15:32

Жеңіл атлет Қазақстанға алғыс білдірді

«Бір жасар балам бар». Декреттік демалыстан Парижге барған Джеруто жүлдеден үмітті
Владислав Семенов

Жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасының финалына шыққан Нора Джеруто өзінің бүгінгі нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Жеңіл атлет Olympic.kz-ке берген сұхбатында бір жасар баласының барын айтты.

«Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Сондықтан, финалда Қазақстан намысын қорғайтыныма өте қуаныштымын. Өзімнің жеке рекордымды орнатқаным да қуантады. Финалда мен өзімді көрсетемін әлі. Көп нәрсе күтемін.

Менің Қазақстанға алғысым шексіз. Олимпиадаға тыңғылықты дайындалдым. Менің бір жасар балам бар. Бірақ маған декреттік демалыстан оралу қиын болған жоқ, себебі, мен үнемі өзімді бабымда ұстаймын.

Іріктеу кезінде эфиопиялық және америкалық атлеттермен жарысу қиын болды. Оларды басып озу оңай емес. Бірақ финалда аянып қалмаймын», - деді Джеруто.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам