Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Денис Тенді өлтірген адам Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді

06.08.2024, 15:56

Қылмыскер 19 жылға бас бостандығынан айырылған еді

Денис Тенді өлтірген адам Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді
ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деп сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. 

Кассациялық шағым туралы ақпарат Жоғарғы сот сайтында жарияланды. Істің 8 тамызда қаралатыны ғана белгілі, дегенмен іс материалдары жарияланбаған.

Айта кетейік, сот кеңсесінде бір ғана сотталушының аты-жөні көрсетілген. 

Мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргені үшін сотталған Нұралы Қиясовқа қатысты оның кассациялық шағым түсірген-бермегені туралы мәлімет жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде алған жарақатынан қайтыс болды. Мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргені үшін екі жас жігіт - Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов сотталды. Екеуі де 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ солармен бірге ұрлық жасады және қылмыс туралы хабарламады деген айыппен Жанар Тойлыбаева сотталды 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам