Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Олимпиаданы жеңуге жыныс мүшесі кедергі келтірген француз жеңілатлеті порнофильмге түсуі мүмкін

07.08.2024, 10:20

Оған ұсынылған гонорар сомасы да айтарлықтай қомақты

Олимпиаданы жеңуге жыныс мүшесі кедергі келтірген француз жеңілатлеті порнофильмге түсуі мүмкін
Getty Images

Францияның жеңілатлеті Антони Аммирати сырықпен секіруде Париж Олимпиадасының жүлдесіне іліне алмай қалса да, оның есімі бүкіл әлемге танымал болды. Өйткені, Аммиратидің жаттығуды сәтті орындауына жыныс мүшесі кедергі болған.

Осы жайттан кейін жеңілатлетке танымал порностудиялардың бірінен хат келіпті. Хатта спортшыға 60 минуттық фильмге түсуге ұсыныс жазылған және гонорар ретінде 250 мың доллар төлеуге уәде берілген деп хабарлады TMZ Sports.

Спортшының бұл ұсынысқа не жауап бергені әзірге белгісіз. Десе де, ұсынылған гонорар сомасы Францияның Олимпиада чемпионына беретін гонорарынан айтарлықтай көп екен.

21 жастағы Антони Аммирати Олимпиадада 5 метр 70 сантиметр биіктікті сол күйі бағындыра алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам