“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Аяқтан шалды». Демеу Жадыраевтың бапкерін федерация қуып жіберген

07.08.2024, 11:00

Бапкер финалға шыққан шәкіртіне нұсқаулықты телефон арқылы беріп отырды

«Аяқтан шалды». Демеу Жадыраевтың бапкерін федерация қуып жіберген
sportbugin.kz

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраевтың жеке бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Боранбек Қоңыратов шәкіртінің қасында емес.

Өйткені ол биыл Алматы облысында өткен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында тәртіп бұзғаны үшін жазаға тартылған. Сол үшін жыл соңына дейін бапкерліктен шеттетіліп, Парижге де бара алмады. Финалға шыққан шәкіртіне нұсқаулықты тек телефон арқылы беріп отырды.

«Спортта жүргеніме қанша жыл болды. Мұндай жағдайларға үйреніп қалғам. Аяқтан шалу деген біз үшін үйреншікті жайт. Сол күнгі жағдайға оралар болсам, мен кілемге жүгіріп шығып, төрешіні ұрғаным жоқ. Бірақ төреші шешіміне риза еместігімді айтып, қастарына барғаным рас. Даусым қатты шығып, дөрекі сөйлегенімді де жасырмаймын. Өйткені, спорт – үлкен эмоция. Қаның қызып тұрғанда неше түрлі нәрсе айтуың да мүмкін. Оның үстіне, сенің шәкіртіңе қатысты әділетсіздік көрсетіп жатса, тіпті, ашуланасың.Менің балуаным күресіп жатқанда, қарсылас тарап челлендж сұрады. Сол кезде Игорь Лигай бастаған төрешілер қарсылас жақ сұраған сол сәттегі эпизодты қарамай, бір минут бұрын болған күресті көрсете бастады. Осы кезде мен мұның дұрыс еместігін айттым, қастарына бардым, эмоциямды жасыра алмадым. Содан соң, осындай шешім шықты», - дейді Боранбек Қоңыратов  Sportbugin.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Боранбек Қоңыратов (грек-рим күресі, Алматы облысы) 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан шеттетілген.

Олимпиадаға арналған PARIS промокоды бойынша 20 000 ₸ бонус алыңыз!

Париждегі Ойындардың ашылуына орай, FONBET жаңа клиенттерге арнайы Олимпиадалық бонус 20 000 ₸ ұсынады!

Қалай алуға болатынын жоғарыдағы суреттен оқыңыз және PARIS промокодымен мына сілтеме арқылы тіркеліңіз: http://www.fonbet.kz/s/Rb4Irh 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам