“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

07.08.2024, 16:39

Ол Токио Олимпиадасының чемпионынан ұтылды

Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады
Тұрар Қазанғапов

Грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының ширек финалында есе жіберді. Ол жартылай финалға шығар сында украиналық Жан Беленюкпен белдескен еді. Алайда алғашқы кезеңде 3:0 есебімен алға шыққан ұлттық құрама балуаны басымдықты сақтап тұра алмады.

Белдесудің екінші кезеңінде Беленюк 7 ұпай иеленіп, жартылай финалға өтті. Енді Украина балуаны Иран спортшысымен ширек финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Егер басым түскен жағдайда отандасымызға жұбаныш белдесуіне мүмкіндік тумақ. Айта кетейік, Жан Беленюк Токио Олимпиадасының чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам