Қазақстан тарихында грек-рим күресінен жалғыз алтын медальды 24 жыл бұрын Юрий Мельниченко иеленген
Грек-рим күресінен қазақ балуаны Демеу Жадыраев (77 кг) Париж Олимпиадасының финалында есе жіберді.
Ол ақтық белдесуде жапон балуаны Нао Куссакиге 5:2 есебімен ұтылды. Демеу белдесудің бірінші кезеңінде 2:0 есебімен алға шыққан болатын. Алайда, екінші кезеңде жапон балуаны шабуылға көшіп, 5 ұпай иеленіп кетті.
Айта кететін жайт, Демеу Жадыраев отандық балуандар арасында Олимпиада финалында араға жиырма жыл салып күресіп отыр.
Ол кеше іріктеу кезеңдерінде Колумбия балуанын ұтты. Ал ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмудовты (Қырғызстан) жеңді. Финалға шығар сында әлем біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Санан Сулеймановты қапыда қалдырды. Алайда, финалда ол жеңісті уысынан шығарып алды.
Сондай-ақ, бүгін 87 келіде белдескен қазақ балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов жүлдеден тыс қалды. Ол ширек финалда Украина балуанына жол берген еді.