ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Қырғыз спортшылары Париж Олимпиадасында ел тарихындағы ең көп жүлдені иеленді

08.08.2024, 18:15

Құрама балуандары 1 күміс, 3 қола медаль иеленіп үлгерді

Қырғыз спортшылары Париж Олимпиадасында ел тарихындағы ең көп жүлдені иеленді
kaktus.media

Қырғыз спортшылары Париж Олимпиадасы басталғалы бері медаль саны бойынша ел тарихындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Қазіргі уақытта Қырғызстанның күрес түрлерінен ұлттық құрама балуандары 1 күміс, 3 қола медаль иеленіп үлгерді. Оның ішінде әйелдер күресінен Мейірім Жұманазарова 68 келіде финалға шығып, күміс жүлдеге ие болды. Ал грек-рим күресінен Жоламан Шәршенбеков (60 кг), Ақжол Махмұдов (77 кг), Үзір Жүсіпбекова (97 кг) үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, бүгін грек-рим күресінен 67 келіде Амантұр Исмаилов қола жүлде үшін белдесуге шығады.

Бұдан бөлек, Қырғызстан құрамасы сапында боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы бокстан жартылай финалға өтіп отыр. Ол бүгін финал жолдамасын 57 келіде болгар боксшысымен сарапқа салады.

Ал әйелдер күресінен 62 келіде Айсұлу Тыныбекова мен Айпері Медетқызы жүлде алуы мүмкін спортшылар қатарына енген.

Тәуелсіз Қырғызстан спорт тарихында алғашқы Олимпиада жүлдесін 2000 жылы Сиднейде дзюдодан иеленген. Сол жолы қазақстандық легионер балуан Айдын Смағұлов 60 келіде қола жүлдеге қол жеткізді. Ал 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында грек-рим күресінен Қанатбек Бегалиев (66 кг) күміс жүлдегер атанса, Руслан Түйменбаев (60 кг) қола медальға ие болды. Ал Токио Олимпиадасында Айсұлу Тыныбекова мен Ақжол Махмұлов күміс жүлдеге ие болса, Мейірім Жұманазарова қола жүлдені еншіледі.

Әзірге Қырғызстан тарихында жалғыз ғана Олимпиада чемпионы бар. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында ауыр атлетикадан қырғыз спортшысы Қаныбек Осмоналиев жеңімпаз атанған. Содан бері бауырлас елдің спортшылары Олимпиада алтынына қол жеткізе алмай келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам