“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Олимпиаданың қола жүлдегерін Париж полициясы қамауға алды

09.08.2024, 17:39

Спортшы сексуалды әрекеттері үшін ұсталған

Олимпиаданың қола жүлдегерін Париж полициясы қамауға алды
Tom Pennington / Getty Images

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, мысырлық танымал балуан Мохамед Эльсаид Парижде қамауға алынды.

Спортшы сексуалды әрекеттері үшін ұсталған. Le Parisien мәліметінше, 26 жастағы африкалық балуан Париждегі 13-округ учаскесінде отыр.
Ол бейтаныс әйелдің қасында өзін әдепсіз ұстады деген күдікке ілікті. Оқиға 9 тамыз күні болған. Мысырлық сол күні дәмханадан мас күйде шығып, өзгелерге тиісе бастаған.

Зардап шеккен әйелдің шағымынан соң полиция тез арада тергеуді бастаған.

Осымен Париж олимпиада ойындарына қатысуға келген екінші спортшы полицияға түсіп отыр. Бұған дейін кокаин сатып алды деген австралиялық хоккейші Том Крейг ұсталып, кейіннен босатылған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам